Абайлаңыз - алаяқ!

17 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Рамазан Камел,

Атырау облысы прокуратурасы

басқармасының аға прокуроры

Барлық уақытта, қоғам мен мемлекет алдында қылмыспен күрес мәселелері орын алды, олар өз өзектілігін бүгінде жоғалтқан жоқ.

Өз кезегінде, меншікті қорғау тұлғаның, қоғам мен мемлекет әл-ауқатының негізі болып табылады.

Мәлім болғандай, қылмыстардың басым мөлшері меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар айында құқық қорғау органдарымен 964 қылмыс тіркелді, оның 66,7 пайызы немесе абсолюттік санда 643-і – азаматтардың меншігіне қарсы қылмыстар.

Сонымен бірге, жоғарыда аталған қылмыстардың санаты арасында ерекше орынды алаяқтық алады.

Көрсетілген кезеңде алаяқтардан 124 азамат жәбір шекті.

Алаяқтықтың неғұрлым тараған түрлері – қайтару мақсатынсыз қарызға ақша алу, жұмысқа орналастыруды желеу қылу, әлеуметтік желілер көмегімен интернет пен телефон арқылы алдау болып табылады.

Мәселен, 2016 жылдың 26 қаңтарда Атырау қаласының ІІБ-не 1934 ж.т. С. азаматшасы баласын қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 45 000 теңге мөлшерінде ақша қаражатын талап етіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғаға қатысты шара қолдану туралы жүгінді.

Бұл ретте, аймақ тұрғындарын қырағылық танытып, осы тәрізді арандатушылыққа берілмеуді ескертеміз!

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу