Қазақстандағы пробация

09 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Смадьярова Лейла,

Атырау облысы

прокурорының көмекшісі

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен өзінің Конституциясында оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін танып, бекітті.

Бүгінгі таңда біздің еліміз адам құқықтарын сақтау саласындағы барлық маңызды халықаралық актілердің қатысушысы болып табылады. 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына кірістірілген ізгілендіруі мен қылмыстық жүйенің репрессивті төмендеуі осы бағыттың қисынды жалғасы болып табылады. 2013 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясында отандық қылмыстық сот өндірісінің негізгі даму жолдарын айқындады. Осыған орай, жазаны атқару жүйесінің, қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамсын жетілдіру мәселесіне түбегейлі жаңаша қарау қажеттілігі туындады.

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде мүдделі органдардың қатысуымен облыс прокуратурасының ғимаратында "ТҮРМЕ ТҰРҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ БОЙЫНША 10 ШАРА, «КОЛОНИЯЛАРДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – 2017»; «ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ: СЕН ҚОҒАМҒА КЕРЕКСІҢ! ТЫ НУЖЕН ОБЩЕСТВУ!  SOCIETY NEEDS YOU!» атты түрме реформасының шағын форумын өткізілді.

Бұл форумның мақсаты – бұрын сотты болғандар мен сотталғандардың барынша тиімді әлеуметтендіру жүйесін құру. Бұл әлеуметтік ортаға тарту қажеттілігінің объективті шарттылығына негізделіп, қылмыстың алдын алуда, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі буын болып табылады.

Аталған форумдар соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен  өткізіліп, тәжірибе алмасу мен қылмыстық-атқару жүйесін жетілдірудің бірыңғай тәсілдерін анықтау үшін тиімді алаңына айналды.

Қол жеткізген жетістіктер – бұл мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда жүргізілген пенитенциарлық реформасының тікелей нәтижесі.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары оның қисынды жалғасы. Ұлт жоспарының 33-ші қадамы босатылғандар мен пробациялық бақылаудағы азаматтарды оңалту мәселелеріне арналған.

Қазақстанда пробация қызметінің екі түрі бар (бас бостандығынан айырумен байланысты емес балама жаза түрлерінің орындалуын бақылау) постпенитенциарлық және шартты-сотталғандарды бақылау. Егер бұрын, 2012 жылы пробациялық бақылауда тек шартты түрде сотталғандар ғана болса, қазір осындай бақылау шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты мерзімнен бұрын босатылғандар мен әкімшілік қадағалаудағыларға қолданылады.

Осылайша, ағымдағы жылдың 5 айын 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда облыстық пробация қызметімен 722 (356) жеке бағдарламалар жіберілді, оның ішінде жұмыспен қамту органына 276 (103), денсаулық сақтау органдарына 443 (249). 463 (170) адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, оның ішінде медициналық көмек көрсету аясында 339 (131) тұлға тегін тексеруден өткізіліп, 13 (9) тұлғаға психологиялық көмек көрсетілді, 12 (6) тұлға білім алып, 84 (19) тұлға жұмысқа  орналастырылды, оның ішінде 36 (8) жұмыс орындарының квотасы бойынша.

Облыс прокуратурасы тұрақты негізде сотталғандарды жұмысқа орналастыру жәрмеңкелерін өткізу бойынша бастамашылық білдіріп, облыстық ҚАЖД-ті пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға пәрменді әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөнінде уәкілетті органдарды бағыттайды.

Мысалға, Атырау қаласының прокуратурасымен пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру туралы Атырау қ. пробация қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі мен "СпецАвтобаза"  ЖШС-тігі арасында 4 жақты меморандум жасалған. Осылайша, меморандумға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған 15 тұлға жұмысқа орналастырылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу