Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы заңнаманың қолданылуын қадағалау туралы

06 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Нұрышев Сабырбек,

Атырау облысы прокуратураның

Басқарма прокуроры

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 17 қаңтар 2016 жылы арнаған «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жүзеге асыру бойынша облыстық прокуратурамен жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттер қатарына қосылу Концепциясында атқарылатын жұмыстардың ұзақ мерзімді басым бағыттары айқындалған. Оның бірі елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау болып табылады. Елбасы мұны ХХI ғасырдағы Қазақстанның индустриалды және әлеуеттік жаңғыруының басты құралы ретінде қарастыруда.

Атырау облысы аумағында 54 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Осы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау облыстық прокуратура органдары қадағалауының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде облыстық прокуратура органдарымен жүргізілген тексеру нәтижелерімен 60 астам заң бұзушылық анықталып, 8 қадағалау актісі енгізіліп қаралуымен 5 тұлға тәртіптік, 1 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 94 кәсіпкердің құқығы қорғалды, оның ішінде 84-нің конституциялық құқықтары қорғалды және 1498 кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеру жүргізудің алды алынды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топқа 17 қоңырау түсіп, олар бойынша шұғыл түрде нақты шаралар алынды.

Атап айтсақ, түскен хабарлама бойынша 12.02.2016 жылы мобильдік топқа жеке кәсіпкер А.Ламетовтен Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен заңсыз тексеру жүргізіліп жатырғаны туралы қоңырау түсті.

Прокурорлық тексерумен анықталғандай, Басқарма басшысының орынбасары тексеру жүргізу туралы актіде болмаса да (ҚР-ның Кәсіпкерлік кодексінің 174 бабының 5 бөлігіне сай, тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады), 11.02.2016 жылы аталған кәсіпкер дүкеніне барып, сауда залы мен қойма бөлімдерін қарап, дүкен жұмысшыларынан құжаттарды заңсыз талап еткен.

Аталған факт бойынша қала прокуратурасымен Басқарма басшысының орынбасары К.Ержановқа қатысты ҚР-сы ӘҚБтК-нің 175 бабының 1 бөлігімен (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс қозғалып, соттың 15.03.2016 жылғы қаулысымен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тағайындалған тексерулердің басым бөлігін құраған облыстық мемлекеттік кірістер органдарында аталған бағыттағы қызметтің заңдылығына қатысты прокуратурамен тексерулер жүргізіліп, жауапты лауазымды тұлғалармен заңсыз тексерулер тағайындау, салық сомасын негізсіз қосымша есептеу және өндіру, тексерулерді заңда көзделген мерзімнен асырып жүргізу, тексерулерді тоқтату және заңсыз созу фактілеріне жол берілгені анықталды.

Нәтижесімен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының бастығы лауазымынан босатылып, жауапты тұлғалар түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Аталған бағыттағы мониторингпен облыстық экология департаменті тарапынан да кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңсыз тексеру тағайындау жағдайларына жол берілгені анықталды.

Яғни, Департамент Атырау облысының тексеру комиссиясының нақты заң бұзушылық фактілері (ҚР-ның Кәсіпкерлік кодексінің 146 бабына сай, жоспардан тыс тексеру тағайындауға өтініште көрсетілген нақты құқық бұзушылық фактісі негіз болып табылады) көрсетілмеген, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатсыз қызмет атқарған 1501 табиғат пайдаланушыларға тексеру өткізу мәселесін қарау туралы ұсынысын негізге алып, 3 тексеруді заңсыз тағайындаған.

Прокуратура наразығы негізінде 3 тексеру жарамсыз деп танылып, 1498 кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеру жүргізудің алды алынды.

Бұдан басқа, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Атырау аймақтық филиалымен бірге «Hyundai» автокөлігінде мобилдік топ жұмыс атқаруда.

Аталған мобилдік топ қала аумағында орналасқан мемлекеттік орган ғимараттары жанынды «кезекшілік» атқарып, кәсіпкерлерден арыздарды қабылдап, оларға кеңес беріледі.

Сонымен қатар, аудандарға шығу арқылы кәсіпкерлерге көмек көрсетеді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу