Прокурорлармен балалардың құқықтары қорғалды

21 тамыз 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокурорлық қадағалаудың басымды бағыттарының бірі жасы кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуы болып табылады.

Осы негізде, Атырау облысы, Мақат аудандық прокуратурасымен аудан көлемінде орналасқан білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексеру жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.

Мысалы, Доссор және Мақат поселкелерінде орналасқан екі балабақшада балалардың жаппай тамақтану орындарында (БГКП – ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталған).

Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

Осыған орай, прокурорлық ықпал ету актісі негізінде аталған білім беру мекемелерінің қызметтері тоқтатылып, 197 баланың конституциялық құқықтары қорғалған.

Қазіргі таңда, аталған білім беру мекемелерін санитарлық нормаларға сай келгеніне дейін қызметін тоқтату үшін сотқа талап арыз берілуде.

Атырау облыстық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу