Тәуелсіздік тұғыры

09 желтоқсан 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа деген асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.

Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде бүкіл әлемге танылды.

Тәуелсіздігіміздің негізгі құжаттары Ата заңымыз, мемлекеттік рәміздеріміз, ұлттық валютамыз қабылданды және ең маңыздысы тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сәйкес бекітілді.

Тәуелсіз Қазақстан -  ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет.

Елбасының «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық» - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

Тәуелсіздік – ата - бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Қазақ халқы осы тәуелсіздікке жету жолында аз қиыншылық көрген жоқ.

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы.  Бұлар, біздің өшпес тарихымыз екенін мәңгілікке есте сақтауымыз керек.

Елбасының  жыл сайынғы халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламаларының барлығы қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған.

Тәуелсіздік алғаннан бері құқық қорғау жүйесінде көптеген  реформалар болды. Солардың  негізгісі  – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір құқық қорғау органның нақты құзыретін белгілеу,  заңдарды ізгілендіре отырып, құқық қорғау қызметінің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүддесін қорғау.

Ендеше, тарихы зор, тұғыры берік, еңсесі биік,  асқақ арманы мол қазақ елінің Тәуелсіздік күні құтты  болсын ағайын!
 

Атырау облысының прокуратурасы                                                                 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу