Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам шеңберінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясаты Тұжырымдамасының жүзеге асырылуы туралы

01 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жапақ Мыхаев,

Атырау облысы прокуратурасының

кадр жұмысы

басқармасының бастығы                                               

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясаты Тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығымен мақұлданған.

Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Заңымен Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы 46-2 «Қызметті бағалау» бабымен толықтырылды.

Осы бапқа сәйкес қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізіледі. Қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелері сыйлықақы беру, көтермелеу, оқыту, мансаптық өсу, ротация, сондай-ақ сараланған еңбекақы белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Еңбекақы төлеуді саралау әрбір лауазым бойынша разрядтарға сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдау үшін үш жыл бойы негіз болып табылады. Қызметкерлердің қызметін бағалау тәртібін, разрядтар беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 16 наурыздағы № 211 Жарлығымен Қызметкерлердің қызметін бағалау, разрядтар беру шарттары мен ережелерінің қағидалары, сондайақ Тәртіптік теріс қылықтардың ауырлығын бағалау жүйесі және тәртіптік жауаптылықты қалыптастыру (тәртіптік тәжірибеде профилактикалық функцияларды күшейту) қағидалары бекітілген.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу