Ювеналды сотта кәсіби мамандар қажет

25 қазан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27 бабында неке және отбасы, ата-ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген. Соның ішінде бала құқығын қорғау – өзекті мәселе болып табылады. Елімізде балалар құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексі, 2008 жылғы 8 тамыздағы «Балалар құқықтары туралы» ҚР Заңы, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілер бар. Сонымен қатар, соңғы жылдары жас ұрпақты жағымсыз фактор әсерінен қорғау және олардың дамуы үшін ювеналды (кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі) сот жүйесін құрылды.

Кәмелетке толмағандар құқығын қорғайтын соттардың мақсатының өзі - құқық бұзушы жас жеткіншекті қоғамға қайтару, балалар құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қорғау және жасөспірімдермен жасалатын қылмыстың алдын алу. Бүгінде елімізде құрылып жатқан кәмелетке толмағандар соты жас жеткіншектердің арасындағы қылмыс салдарын анықтау және оның алдын алу жұмыстарымен айналысады.

Іс жүргізу заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарайды. Бұл сотта АІЖК-нің 30 бабының 1-3 бөлігінде көзделген, азаматтық істер бойынша ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы; Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істер қаралады.

Жасы кәмелетке толма­ған­дардың өмірге қалыптасуының кемдігін, өмірлік тәжірибесінің жоқтығын, ой өрістерінің жетіспеушіліктерін ескеріп, олардың еліміздің Конституциясы мен басқа да заңдары кепілдік бер­ген құқықтарын қорғау мақ­са­тында кәмелетке толмаған әр­бір жасөспірімнің құқықтары ар­найы мамандардың көмегімен қорғалуы тиіс деп санаймыз. Мұн­да тек заң саласының ма­ман­дарын ғана емес, кәмелетке тол­ма­ғанның тұрмысы мен тәрбие жағдайын, оның ой өрісінің, интеллектуалдық және психикалық даму дәрежесін, мінезі мен тегеуріндік ерекшеліктерін, мұқтаждары мен мүдделерін түсініп, осы ерек­шелік­тердің негізінде оның құқығы бұзылмауын қамтамасыз ететін мамандар қажет. Бұл қызметте психология мен педагогика, әлеуметтік ғылымдар саласында тиісті кәсіби білімі бар, жеткіншекпен байланыс орнатуға бейімделген мамандар отыруы керек, жұ­мысын атқару ба­ры­сында өз саласы бойынша анық­талған мән-жайлар бойынша қорытынды берулері тиіс деп есеп­тейміз.

Атырау облыстық прокуратурасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу