Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары Туғанбаев Жанболат Сейдахметұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Туғанбаев Жанболат Сейдахметұлы 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 

Х.Яссави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Прокуратура органдарында 2000 жылдан қызмет етуде.

Тараз қаласы прокурорының көмекшісі,  Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, бөлім аға прокуроры, басқарма бастығы, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуроры, Бас прокуратураның бөлім бастығы, басқарма бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Аппарат басшысы, Түркістан облысы прокуратурасының Аппарат басшысы, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі – кадрлық дамыту тобының басшысы, Бас Прокурордың Аппаратының талдау тобындағы Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 19 жылдан астам.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.