Атырау облысының прокуроры Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

1984-1985 жылдары Ауғанстан Республикасында соғыс қимылдарына қатысқан.

1991 жылы Алматыдағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы Гурьев қаласы прокуратурасының тәлімгері болып бастаған.

1992-1994 жылдары Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 1994-1999 жылдары Атырау облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, бөлім бастығы болып қызмет істеді.

1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, арнайы прокурорлар және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры болды.

2002-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысының Жылыой, Мақат аудандарының және Атырау қаласының прокуроры лауазымдарын атқарды.

2012-2019 жылдары Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Қызылорда облысының прокуроры қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 10 сәуірінде Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

КСРО ЖКП 28.12.1988 жылғы Жарлығымен «Жауынгер-интернационалист» грамотасымен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ұрыс әрекетінің ардагері», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл», «Ауған халқының алғысы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «АДР-нан Кеңес әскерлерінің шыққанына 15 жыл», «Ауғаннан Кеңес әскерлерінің шыққанына 20 жыл», «За верность долгу», «Отан қорғаушы», «Сүлеймен Есқараев – тұңғыш прокурор», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Прокуратура ардагері» медальдарымен және «Прокуратураның құрметті қызметкері» кеуде белгісімен марапатталған. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен II дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.