Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс нәтижелері

07 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының прокуратурасымен Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында өткен жылдың қазан айында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды.

Оның негізгі мақсаты – бюрократиялық келеңсіздіктерге жол бермеу арқылы, азаматтарға құқықтық қызметтерді жедел көрсету.

Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін Орталықта күн сайын прокурорлармен, соның ішінде облыс прокуратурасының басшылығымен құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру жүргізілуде.

Әрбір азамат адвокаттың, сот орындаушысының, медиатордың, психологтың, сондай-ақ басқада мамандардың тегін қызметіне жүгіне алады.

Орталық жұмыс істей бастағалы 7,3 мың азамат құқықтық көмек алды, оның ішінде 2 мыңнан астамы прокурорлармен қабылданды.

Адвокаттар мыңнан астам тұлғаға тегін көмек көрсеті.

Медиаторлар 3,5 мың келушіге кеңес беріп, дауды реттеу туралы 42 келісім жасады.

Психологпен 79, сот орындаушыларымен 300 азаматқа көмек көрсетілді.

Мысалға, Орталыққа қала тұрғыны Қ.З.Шолақ жер телімімен тұрғын үйін иелігінен заңсыз шығару мәселесі бойынша жүгінді.

Ұсынылған құжаттарды зерделеп, прокурорлар Ақмола облысының құқық қорғау органдарына тиісті өтініштер, сондай-ақ сотқа талап арыз дайындауға көмектесті.

Нәтижесінде іс талап қоюшының пайдасына аяқталды.

Осы тектес көптеген мысалдар бар.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу