Мақат ауданының прокуратурасы оқытушылар мен оқушылардың құқығын қалпына келтірді

12 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мақат ауданының прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесімен ауданның білім беру мекемелерінің қызметінде бірнеше заңбұзушылықтар анықталды. 

Мысалы, №2 бастауыш мектептің оқушысы Т.А. оның Ұлттық балаларды оңалту орталығында (Нұл-Сұлтан қаласы) болған кезінде үш апталық сабақтың жүргізгендігі жазылған.

Осымен бірге, осы санаттағы балалармен жұмыс үшін оқытушылардың алдында еңбекақыға қосымша  бойынша жалпы сомасы 21,5 млн. бережақ бары анықталды.

Бұған қоса, оқытушылармен жоғарғы оқу орындарын аяқтағандығы жөнінде жалған дипломды пайдаланудың 2 дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кінәлі тұлғалар жағымсыз негіздер бойынша жұмыстан шығарылды.

Қадағалау актісі бойынша оқу орындарының 8 басшысы мен 3 мұғалімі әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, еңбекақы бойынша 21,5 млн. теңге берешекті төлеуді қосымша қаржыландыруға өтініш беріліп, оның қарау аудандық маслихаттың кезекті отырысына жоспарланды.

Балалар мен білім беру жүйесі жұмысшыларының конституциялық құқықтарын қорғау қадағалау органының ерекше бақылауында, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жалғастырылуда. 

                                                       Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу