Нәресте өлімі

12 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Нәресте өлімі мәселесі халық арасында ерекше талқылауға алынған.

Бұл мәселе Атырау облысы прокурорының назарынан тыс қалған жоқ.

Атап айтқанда, Атырау облыстық перинаталдық орталығында ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 5 046 бала дүниеге келіп, 77 бала шетінеген болса (ана құрсағында өлген балалар), 56 бала қайтыс болған (босанғаннан кейін).

Аталған жағдайды талдай келе, прокуратура тиісті органдарға (денсаулық сақтау басқармасы, медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті) дәрігерлердің кінәсін анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.

Тапсырмаға сәйкес, тексеру жұмыстарына тәуелсіз сарапшылар (Нұр-Сұлтан қаласынан) тартылды. Тексеру нәтижесімен тиісті процестік шешім қабылданады.

Жыл басынан бері медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметтеріне салғырт қарау фактісі бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді.

Бұдан әрі, әр нәресте өлімі бойынша облыс прокуратурасымен мұқият тексеріс жүргізетін болады.

Қазіргі таңда, аталған санаттағы қылмыстардың ішінде 2 қылмыстық іске тергеу жұмыстары жүргізілуде, оның 1-і сот қарауына тапсырылды (қайталама комиссиялық сот медициналық сараптама тағайындалды).

Өкінішке орай, ана өлімі фактілері әлі де орын алуда.

Мысалы, 26.05.2019 жылы Исатай ауданынан облыстық перинаталдық орталығына босану үшін жеткізілген Е. есімді әйел қайтыс болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Облыс прокуратурасы аталған қылмыстық істің жан-жақты және объективті тергелуін ерекше бақылауға алды.

Денсаулық сақтау басқармасымен 5 қызметтік тексеру нәтижесімен әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке 10 емхананың бас дәрігерлері тартылды.

Сонымен қатар, аталған мәселенің себептерін анықтап, нақты шаралар қабылдау және алдын алу мақсатында, әр сейсенбі күні облыстық перинаталдық орталығында және қалалық перзентханада қала прокуратурасының қызметкері А.Ищанова азаматтардың қабылдауын жүргізуде, сондай-ақ аталған мекемелерде азаматтардың арыз-шағымдары үшін прокуратураның арнайы жәшіктері орнатылды.

                                                  Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу