Атырау қаласы прокуратурасымен нәресте өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

11 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атыраулық прокурорлар нәресте өліміне қатысты барлық фактілер бойынша қатаң шаралар қабылдауға уәде берген еді.

Қызметтік тергеу нәтижелері және тиісті мамандардың қорытындыларымен, дәрігерлердің нәресте өлімін алдын алуға мүмкіндігі болған фактілер анықталды.

Мәселен, Атырау қаласы прокуратурасымен босанушы «Г» -ге медициналық қызмет көрсету кезінде №3 қалалық емхана қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Іс облыстық полиция Департаментінің өндірісінде.

Облыс прокуроры аталған қылмыстық істің жан-жақты және объективті тергелуін ерекше бақылауға алды.

Сонымен қатар, осы тектес фактілер 5 босанушыға медициналық қызмет көрсету кезінде №4 және №5 қалалық емханаларында да орын алған.

Аталған фактілер қала прокуратурасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, процестік шешім қабылдау үшін қалалық полиция Басқармасына жолданды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу